Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттаманы іске асыруға кірісті

Астана қаласында Қазақстандағы су саясаты жөніндегі ұлттық диалог бойынша Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің 9-отырысы өтті. Оған халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттаманы ратификациялады. 2026 жылғы 5 қаңтарда қосылу туралы құжат депозитарийге тапсырылып, Қазақстан Хаттаманың 30-шы Тарапы болды. 2026 жылғы 5 сәуірден бастап Хаттама Қазақстан Республикасы үшін күшіне енді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Хаттама ережелерін практикалық іске асыруға кірісті. Негізгі басымдықтар – ұлттық нысаналы көрсеткіштерді қалыптастыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту.

Халықтың су мен санитарияға тең қолжетімділігіне өзін-өзі бағалау жүргізіліп, ол жүйелі кедергілерді анықтауға және одан әрі жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Отырыста сондай-ақ климаттың өзгеруі мен төтенше жағдайлар жағдайында сумен жабдықтау жүйелерінің орнықтылығын арттыру, халықты қауіпсіз ауызсумен, санитариямен және гигиена құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Хаттаманы іске асыру Қазақстан халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын нығайтуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

 

Дата публикации
06 октября 2026
Дата обновления
06 октября 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы