Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды цифрландыру жаңа деңгейге шықты

Қазақстанда 2025 жылғы тамыздан бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы негізгі деректер мен процестерді біріктірген «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі (СЭҚ АЖ) енгізілді.

Жүйе жаңа реттеушілік саясат қағидаттарын ескере отырып әзірленді және 200 мыңнан астам бақылаудағы объектілер бойынша жұмысты бірыңғай цифрлық контурға көшіруге мүмкіндік берді. СЭҚ АЖ шеңберінде бақылау объектілері, рұқсат беру құжаттары, зертханалық зерттеулер, әкімшілік шаралар және декреттелген топтарға жататын халықтың медициналық қарап-тексерулеріне қатысты мәліметтер біріктірілді.

Аумақтық бөлімшелер деңгейінде әрбір объектінің цифрлық паспорты қалыптастырылды. Оны өзекті ақпаратпен толықтыру тоғыз мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы қамтамасыз етілді.

Бұл объект туралы өзекті ақпаратты нақты уақыт режимінде алуға және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында қолмен орындалатын рәсімдердің санын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

Негізгі бағыттардың бірі тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу болды. Кіріктірілген алгоритмдер объектілерді қызмет түрлері бойынша бөлді және тәуекел деңгейіне қарай жоспарлы тексерулер жоспарына енгізілуі тиіс объектілердің тізімін қалыптастырды. Осылайша, объектілерді іріктеу қолмен емес, деректер мен белгіленген өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылды.

Жүйе сондай-ақ қажетті рұқсат беру құжаттары жоқ немесе белгіленген есептілікті ұсынбайтын жұмыс істеп тұрған объектілерді анықтауға мүмкіндік берді.

Медициналық кітапшаларды бақылау үшін жеке цифрлық контур қалыптастырылды. «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректері негізінде объектілер бойынша мерзімі өткен жеке медициналық кітапшалардың тізілімі қалыптастырылды.

Комитет деңгейінде жүйе аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру, мониторингтеу және бағалау құралдарын ұсынды. Нәтижесінде нақты объектіден бастап Комитет деңгейіне дейінгі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай цифрлық вертикалі қалыптасты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында СЭҚ АЖ арқылы өндірістік бақылау бойынша 13 562 есеп қабылданып, 4 777 бұзушылық анықталды. Тәуекелдерді автоматтандырылған талдау нәтижесінде 470 объект тексерулер жоспарына енгізілді.

Жүйені енгізу санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық трансформациялаудың негізгі кезеңдерінің бірі болып, үлкен көлемдегі ақпаратты негізінен қолмен өңдеуден деректерді автоматтандырылған талдауға және оларды басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдалануға көшуге негіз қалады.

 

Дата публикации
06 октября 2026
Дата обновления
06 октября 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы