Меню

Страницы

Статья

Босандыру ұйымдарын тексеру аяқталды: 80-нен астам санитариялық нұсқама берілді

Комитет босандыру ұйымдарының 84 нысанының 82-сінде тексеру жұмыстарын аяқтады. Олардың қатарында 35 перинаталдық орталық пен 47 босандыру бөлімі бар.

Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін, инфекцияларды уақтылы анықтауды және инфекциялық бақылау қызметтерінің жұмысын бағалады.

Сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізілді. Бұл құжаттаманы ғана емес, медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайларын да бағалауға мүмкіндік берді.
Тексеру қорытындысы бойынша 81 санитариялық нұсқама берілді. 29 медициналық ұйымда дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылғаны анықталды. Қауіптерді шұғыл жоюды талап ететін фактілер бойынша нақты шаралар қабылданды.

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы