Мектеп формасын таңдағанда оның сыртқы көрінісі мен бағасына ғана емес, таңбалануына, мата құрамына, киімнің қауіпсіздігі мен қолайлылығына да назар аудару маңызды. Бала мектеп формасын күннің едәуір бөлігінде киіп жүреді, сондықтан ол белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сатып алу кезінде ата-аналар сатушыдан өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуды сұрауға құқылы.
Мектеп формасын жұмыс істеп тұрған сауда желілері арқылы сатып алу ұсынылады. Тауарды таңдаған кезде ең алдымен оның бағасы мен сыртқы көрінісіне ғана емес, қауіпсіздігіне, сапасы мен қолайлылығына назар аударыңыз.
Қауіпсіз мектеп формасы — бұл таңбалануы түсінікті, мата құрамы тиісті талаптарға сай, сапалы тігілген және балаға ыңғайлы киім.