Жазғы маусым қарсаңында балалардың сапалы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Оның маңызды құрамдас бөлігінің бірі — толыққанды және теңгерімді тамақтану.
Комитет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сұранысы бойынша Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп, маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарына арналған үлгілік перспективалық мәзірдің екі нұсқасын әзірледі.
Үлгілік мәзірлер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген Тамақтану стандарттарының талаптарына сәйкес дайындалды және ұсынымдық сипатқа ие.
Тамақтану стандартына сәйкес үлгілік мәзірді өзгеріссіз пайдалануға, сондай-ақ белгіленген талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, өңірлік ерекшеліктер мен білім алушылардың және олардың заңды өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып түзетулер енгізуге жол беріледі.
Әзірленген мәзірлер балалар сауықтыру ұйымдарының жұмысында одан әрі пайдалану үшін Оқу-ағарту министрлігіне жолданды.
Үлгілік мәзірлермен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/1012561?lang=kk