Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның зертханалық желісін нығайтуға арналған жаңа мамандандырылған автокөліктер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Пандемиялық қордың қолдауымен елдің ұлттық зертханалық желісін нығайту мақсатында 30 мамандандырылған автокөлікті табыстады.

Бұл автокөліктер Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы, өңірлік зертханалар, обаға қарсы станциялар және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы тарапынан пайдаланылатын болады. Олар Қазақстанның түрлі өңірлеріне, оның ішінде қолжетімділігі қиын аумақтарға бөлініп берілді.

«Мамандандырылған автокөліктерді табыстау жергілікті жерлердегі мамандар жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға, сынамаларды жеткізу логистикасын жақсартуға, сондай-ақ зертханалық зерттеулер мен жұқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеруді жеделдетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Жаңа көлік биологиялық сынамаларды қауіпсіз әрі уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді, эпидемиологиялық қадағалауды күшейтеді және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындық деңгейін арттырады.

Бұл бастама Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ұлттық дайындықты нығайту, зертханалық инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыру бағытындағы жалғасып жатқан күш-жігеріне өз үлесін қосады.

 

Дата публикации
13 марта 2026
Дата обновления
13 марта 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы