Меню

Страницы

Статья

Балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа тәсілдері

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енді.

Заңнамалық негізгі жаңашылдықтар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Комитет төрағасының орынбасары Марал Рахимжанова баяндады.

Атап өтілгендей, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балаларды тамақтандыру, орналастыру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру салаларында қызмет көрсететін субъектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізетін Заңға қол қойды.

Жаңашылдықтардың мақсаты — бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алуға көшу, бақылау жүйесінің ашықтығын, жауапкершілігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ балалардың құқықтары мен денсаулығын нақты қорғауды қамтамасыз ету.

Бақылау жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ жаңа формат — объектілерге барып мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі, бұл объектілердің санитариялық жағдайы туралы объективті көрініс алуға және тексеру алдында бұзушылықтарды уақытша жою мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Өзгерістер аясында шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде тексеруге тыйым салу алынып тасталды. Сонымен қатар жоспардан тыс тексерулер жүргізуге жаңа негіз енгізілді — бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше бақылаудағы объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу белгілері туралы, уақыты мен орны көрсетілген фото және (немесе) бейнематериалдарды қоса алғанда, растайтын дәлелдер болған жағдайда жарияланған хабарламалар.

Сонымен бірге жоспарлы тексеру мен мониторинг барысында объектіге алғаш барған кезде әкімшілік шаралар, соның ішінде айыппұлдар қолданылмайды. Жауапкершілік шаралары тек анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамаған қасақана заң бұзушыларға ғана қолданылады.

Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел ден қою шаралары қолданылады және олар дереу орындалуға жатады: объектінің қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу, сондай-ақ персоналды жұмыстан шеттету.

Қосымша түрде бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеке ұсынымдар енгізу құқығы заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар тексерулерді прокуратура органдарында міндетті түрде тіркеу тәртібі сақталады.

 

Дата публикации
03 февраля 2026
Дата обновления
03 февраля 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы