Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ

Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары, сондай-ақ оның ел аумағына әкеліну фактілері тіркелмеген. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.

Сонымен қатар, Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық ахуалға орай алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Ауру жағдайлары тіркелген Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдерінен келетін азаматтарға ерекше назар аударылуда. Аталған инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.

Медициналық ұйымдар инфекцияның ықтимал әкелінуіне дайындыққа келтірілді. Жедел медициналық көмек бригадалары мен инфекциялық стационарлардың дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялық құралдардың азаймайтын қоры қалыптастырылды.

Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында эндемиялық елдерге сапар жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау, ал елге оралғаннан кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге барған елі туралы хабарлау ұсынылады.

Анықтама: Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде беріледі. Ластанған тағам өнімдері мен сусындар арқылы жұғуы мүмкін. Ауру жоғары дене қызуымен, бас ауыруымен, жалпы әлсіздікпен қатар жүруі мүмкін, ал ауыр жағдайларда орталық жүйке жүйесінің зақымдануына және пневмонияның дамуына әкеледі. Қазіргі уақытта Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу әдісі мен мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық сипатта көрсетіледі.

 

Дата публикации
26 января 2026
Дата обновления
26 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы