Меню

Страницы

Статья

Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары

Қазақстанда өнеркәсіптік және өндірістік объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарын (СҚА) реттеудің жаңа қағидалары қолданысқа енгізіледі. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 9 қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген.

СҚА — бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын аймақтар арасындағы, адамдарды шу, иіс және өзге де зиянды әсерлерден қорғау үшін қажет арақашықтық.

Негізгі өзгеріс — СҚА-ны белгілеу тәртібінің жеңілдетілуі. Енді мұндай аймақтар бұрынғыдай екі кезеңде емес, бір кезеңде айқындалатын болады. Жаңа кәсіпорындар үшін СҚА шекаралары жобаны сараптау кезеңінде белгіленеді. Ал қолданыстағы объектілер үшін аймақ шекараларын өзгерту (ұлғайту немесе қысқарту) мәселелері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан қаралатын болады.

СҚА туралы барлық деректер, оның ішінде нақты шекаралары, жергілікті атқарушы органдарға беріліп, ашық кадастрлық картада көрсетіледі. Бұл тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды және өзге де әлеуметтік нысандарды салу кезінде мұндай аймақтарды алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.

Жаңа қағидалар қала құрылысы жоспарлауын неғұрлым ашық етуге және тұрғын үйлердің өнеркәсіптік объектілерге жақын орналастырылу тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Дата публикации
19 января 2026
Дата обновления
19 января 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы