Меню

Страницы

Статья

Кейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012 КО ТР), «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

- «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;

- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)

- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);

-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:

- «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);

- «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);

- «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Толық ақпаратты Комитеттің сайтынан алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/945828?lang=kk

 

 

Дата публикации
06 января 2026
Дата обновления
06 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы