Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік бақылау

Қазақстан Республикасында мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау адам денсаулығына қауіпті жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың әкелінуінің алдын алу мақсатында тәулік бойы жүзеге асырылады.

Бақылау Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бөлімшелері арқылы 26 өткізу пунктінде, оның ішінде халықаралық әуежайларда, теміржол өткелдерінде, теңіз порттарында және «Қорғас» пунктінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы 14 автомобиль өткізу пунктінде қамтамасыз етіледі.

2025 жылы санитариялық-карантиндік бақылаумен 6,6 миллионнан астам адам және 48,7 мың көлік құралы қамтылды. 84 жолаушыдан дене қызуының жоғарылауы анықталды, аса қауіпті инфекцияларға күдік тіркелген жоқ. Медициналық көрсеткіштер бойынша 26 адам ауруханаға жатқызылды.

2025 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінген жағдайлары тіркелген жоқ.

Дайындық деңгейін арттыру мақсатында Алматы әуежайында ведомствоаралық оқу-жаттығулар, сондай-ақ көлік нысандарында 38 оқу-тренингтік іс-шара өткізілді. Туристік компаниялармен және халықпен профилактикалық және ақпараттық жұмыс жалғасуда.

 

 

Дата публикации
31 декабря 2025
Дата обновления
31 декабря 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы