Меню

Страницы

Статья

Комитет пен Ұлттық ӨӨҰ қызмет нәтижелерін тану туралы келісімге қол қойды

Бүгін Комитетте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын кәсіби қамтамасыз ету саласындағы Ұлттық өзін-өзі реттейтін ұйыммен (ӨӨҰ) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімге қол қойылды. Құжат пилоттық режимде Комитет төрағасы Сархат Бейсенова мен Ұлттық ӨӨҰ басшысы Кенжебек Шайсұлтанов тарапынан бекітілді.

Аталған келісім Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде өзін-өзі реттеу тетігін апробациялауға бағытталған. Келісімнің негізгі мақсаты — адал кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру.

Келісімді іске асыру «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымдар модулін енгізу және толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

 

Дата публикации
26 декабря 2025
Дата обновления
26 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы