2025 жылғы 18 желтоқсанда Стамбул қаласында (Түркия) қазақстандық делегация ФАО/ГЭФ ұйымдастырған, пестицидтердің халық денсаулығына әсері және ұлттық ден қою жүйелерін нығайту мәселелеріне арналған халықаралық гибридті іс-шараға қатысты.
Іс-шараға Орталық Азия елдерінің салалық министрліктерінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ БҰҰ жүйесіне кіретін ұйымдар қатысты. Қатысушылар пестицидтерді қолданумен байланысты денсаулыққа төнетін тәуекелдерді төмендетудің практикалық шараларын және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жолдарын талқылады.
Іс-шара аясында уланудың алдын алу және емдеу мәселелері, ұлттық токсикологиялық орталықтарды дамыту, сондай-ақ пестицидтердің денсаулыққа әсері туралы деректерді мемлекеттік саясатқа және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйелеріне интеграциялау мәселелері қарастырылды.
Қазақстандық делегация құрамына Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садвакасов кірді. Ол өз сөзінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы ұлттық тәжірибені таныстырып, пестицидтермен уланудың алдын алу және оған ден қою жүйесін күшейтуге бағытталған елдік жол картасын әзірлеуге қатысты.
Іс-шара нақты елдерге бағытталған практикалық семинармен аяқталды, оның барысында халық денсаулығын қорғау шараларын пестицидтерді басқарудың ұлттық жүйелеріне интеграциялау жөніндегі жол карталары әзірленді.