Меню

Страницы

Статья

ЖРВИ бойынша жағдай тұрақтануда: сырқаттанушылық 1,7 есеге төмендеді

Республикадағы ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайы тұрақтана түсуде. Өткен аптада ЖРВИ-дің 198532 жағдайы тіркелсе, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,7 есеге төмен.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері 2 295 тұмау жағдайы расталды, тұмауға қарсы 2 268 891 адам егілді, бұл республика халқының 11%-ын құрайды.

Ағымдағы тәулік бойынша 269 мектепте 25850 оқушы қашықтан оқып жатыр. Алдыңғы тәулікпен салыстырғанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылған оқушылар саны 73,5%-ға, мектептер саны 40%-ға азайды.

Халыққа ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын еске саламыз:

  1. Ауру адамдармен байланыстарды шектеу және олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.
  2. Адам көп жиналатын орындарға бармау, жабық үй-жайларда маска қолдану.
  3. Жөтелгенде, түшкіргенде және мұрын тазалағанда ауыз бен мұрынды орамалмен немесе салфеткамен жабу.
  4. Бөлмелерді жүйелі түрде желдету және ылғалды тазарту жүргізу.
  5. Қолды жиі және мұқият жуу, гигиеналық және дезинфекциялық құралдарды пайдалану.
Дата публикации
09 декабря 2025
Дата обновления
09 декабря 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы