Меню

Страницы

Статья

«АИТВ: кеше, бүгін, ертең» халықаралық конференциясы

Алматыда жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылған ақпараттық кампания аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биылғы іс-шаралар «Қиындықтардан – АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен өткізілді.

Конференция АИТВ-инфекциясының және дерматовенерологиялық аурулардың алдын алудағы заманауи тәсілдерді дамыту мен жетілдіруде маңызды қадам болды. Оған Комитет өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ ДДСҰ, UNAIDS, CDC және ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі ғаламдық қор сияқты халықаралық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара АИТВ-ның алдын алу саласындағы тәжірибе мен озық практикалар алмасуға тиімді алаңға айналды. Қатысушылар тестілеу мен емдеудің инновациялық әдістерін, профилактикалық бағдарламаларда әлеуметтік маркетинг құралдарын қолдануды талқылап, осы саладағы соңғы зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

Ерте кезеңде АИТВ-инфекциясын анықтау мәселесіне ерекше назар аударылды, себебі ол профилактика мен емдеудің тиімділігін арттырудағы негізгі басымдық болып табылады.

 

Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
03 декабря 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы