Меню

Страницы

Статья

Сәйкестікті бағалау туралы 193 құжат анықталып, кері қайтарылды

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде 2025 жылдың 10 айында Комитеттің аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелеріне сәйкестікті бағалау туралы 193 құжатқа (декларациялар мен сертификаттар) қатысты материалдарды жолдады. Қарау нәтижелері бойынша аталған құжаттардың ел аумағында қолданылуы тоқтатылды немесе жойылды.

Кері қайтарылған және қолданылуы тоқтатылған құжаттар кең ауқымды өнім түрлеріне қатысты болды: азық-түлік тауарлары, тұрмыстық химия, киім-кешек, ойыншықтар және басқа да санаттар. Қабылданған шаралар тиісті өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкес келмейтінін және ішкі нарықта айналымда бола алмайтынын білдіреді.

Бұл жұмыс – сатылатын тауарлардың қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын адал емес жеткізушілер мен өндірушілерге қарсы бағытталған мемлекеттік органдардың жүйелі қызметінің бір бөлігі. Бақылауды күшейту өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін тауарлардың әкелінуі мен сатылуына жол бермеуге, сондай-ақ сәйкестікті растау органдарының олар беретін құжаттардың сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Комитет кәсіпкерлерге ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын қатаң сақтауды, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу мерзімін уақтылы тексеруді және нарыққа тек қауіпсіз өнім шығаруды ұсынады. Ал тұтынушыларға қырағылық танытып, тауарлардың қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттарды сұрату және күдік тудыратын өнім анықталған жағдайларда Комитетке хабарлау ұсынылады.

  Сонымен қатар сәйкес келмейтін өнім туралы толық ақпаратты Сәйкес келмейтін өнімнің тізілімінен мына сілтеме бойынша алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/activities/1136?lang=kk

 

​

​

Дата публикации
02 декабря 2025
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы