Меню

Страницы

Статья

Жолаушылар мен туристерге арналған сауалнама

Құрметті жолаушылар, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 53 қаулысына сәйкес халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келетін жолаушыларға қатысты елдер санатына өзгеріс және шектеу шаралары енгізілді.

 

Санаты

Елдер

Шектеу шаралары

1.

Бірінші санат

ҚХР, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Египет, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Германия, Беларусь, Әзірбайжан

1) термометрия;

2) сауалнама алу.

 

 

2.

Екінші санат

Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Венгрия, Австрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей Федерациясы,  Өзбекстан, Украина, Қырғызстан,  Тәжікстан

Үшінші санаттағы елдерден жүйелі емес рейстер (эвакуациялық және чартерлік).

 

 

Қазақстан Республикасына келген жолаушылар:

1)      термометрия;

2)   сауалнама алу;

   3) алған сәтінен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) болған жағдайда – шектеусіз;

4) анықтама болмаған жағдайда – ұшып келген күнінен бастап 48 сағаттың ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өту міндеттілігі туралы хабарлама беріле отырып, келген жері бойынша (шетелдік азаматтар үшін), тұратын жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру немесе 14 күнге үй карантині.

3.

Үшінші санат

Бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда барлық елдер.

Жүйелі авиарейстерге тыйым салынған.

Осыған байланысты, Департамент жолаушылар мен туристерге ӘК бортында сауалнама толтыруды және ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар Cоvid-19-да тексеру туралы анықтама болмаған кезде ұшып келген күннен бастап 48 сағат ішінде оның тұрғылықты жері бойынша өту міндеттілігі туралы хабарламаға қол қоюды ұсынады.

 Сауалнама және хабарлама (жүктеу)

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
23 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы