Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді

Комитетте аумақтық бөлімшелердің қатысуымен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін түсіндіруге арналған бейнеконференция форматындағы семинар өткізілді.
Семинар барысында 10 айдағы жұмыс қорытындысы шығарылып, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына қатаң бақылауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюдың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аумақтық департаменттерде азаматтардың өтініштерін қарау және өңдеу кезінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
Семинар қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды орындау бөлігінде жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
21 ноября 2025
Дата обновления
21 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы