Астанада Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында Комитеттің, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің, ғылыми орталықтардың, мемлекеттік органдардың бейінді сарапшылары, дәрігерлер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Митрополиттік округтің өкілдері Қазақстандағы вакцинацияға деген көзқарасқа діни нанымдардың әсерін зерделеуге арналған мінез-құлық зерттеулерінің нәтижелерін талқылады.
Еліміздің төрт өңірін қамтыған зерттеу ата-аналармен, медицина қызметкерлерімен, діни көшбасшылармен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен діни салдарлар бойынша вакцинациядан бас тарту себептері, иммундау бағдарламаларын іске асыру барысында туындайтын кедергілер, сондай-ақ мәдени және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту жөніндегі шаралар туралы сұхбаттарға негізделген деректерді алуға мүмкіндік берді.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар діни қауымдастықтармен ынтымақтастық арқылы иммундауды ілгерілету жөніндегі жол картасын әзірлеуге келісті, бұл вакцинацияға деген сенім деңгейін арттыруға және елдегі қоғамдық денсаулықты нығайтуға мүмкіндік береді.