Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ МАУСЫМДЫҚ НОРМА ШЕГІНДЕ

Қазақстанда  жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай күзгі-қысқы мезгілге тән деңгейде. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

«Биыл қыркүйектен бастап елімізде ЖРВИ-дың 1 278 745 жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға төмен. Ауырған адамдардың жартысынан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар», – деді ол.

Қазіргі уақытта елде жыл сайын күзгі-қысқы мезгілде айналымда жүретін маусымдық вирустың түрі - А (H3N2) типіндегі тұмау жағдайлары зертханалық расталып отыр. Сархат Бейсенова бұл вирус жаңа штамм емес екенін, ал аурудың көріністері – әдеттегідей дене қызуының күрт көтерілуі, бас және бұлшықет ауруы, қалтырау, дененің сырқырауы сияқты белгілері болатынын атап айтты.

Тұмаудан басқа, елде басқа вирустар да айналымда жүр. Зерттелген 2527 үлгінің 629-ы тұмау емес вирустарға оң нәтиже көрсеткен, олардың арасында риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус басым болған. Коронавирус  инфекциясы туралы айтатын болсақ, маусым  басталғалы бері 84 жағдай тіркелді, бұл осыған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 5,3 есе төмен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) болжамына сәйкес  ағымдағы эпидемиологиялық маусымда тұмау  вирусының үш штаммы – A (H1N1), A (H3N2) және B өзекті болады. Олардың барлығы аурудың ауыр түрлерінен қорғауды қамтамасыз ететін тұмауға қарсы вакцинаның құрамына енгізілген.

Биыл тұмауға қарсы 2,1 миллион доза вакцина сатып алынды. Бұл көлем ДДҰ-ы ұсынған кемінде 10% деңгей кезінде халықтың 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні республикада 1,9 миллион адам егілген.

Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында балалар мен қызметкерлердің сырқаттанушылығы мен олардың қатысуы күнделікті бақыланады. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың ауру жағдайлары бір сыныпта 10%-дан аспайды.

Еліміздің Бас санитариялық дәрігері тұмау кенеттен басталатынын және ауыр өтетінін, ал басқа вирустық инфекциялар біртіндеп дамитынын еске салды. Ол азаматтарға: көпшілік жиналатын жерлерден аулақ болу, бөлмелерді жиі желдету, қолды антисептиктермен өңдеу және аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде балаларды үйде қалдыру сияқты қарапайым профилактикалық шараларды сақтау керектігін атап айтты.

Дата публикации
12 ноября 2025
Дата обновления
12 ноября 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы