Меню

Страницы

Статья

ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА ТҰР

Денсаулық сақтау министрлігі апта сайын тұмау мен ЖРВИ эпидемиологиялық жағдайын бақылайды.

Ведомствоның деректері бойынша соңғы апта аралығында елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 106 930 жағдайы тіркелген. Бұл 108 513 жағдай тіркелген өткен эпидемиологиялық маусымның ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 1,5%-ға төмен.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ-дің 1 128 140 жағдайы тіркелді, бұл да бір жыл бұрынғыдан төмен (1,2 есе). Науқастардың 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар-750 319 жағдай.

Маусым басталғаннан бері А типті тұмаудың (H3N2) 45 жағдайы, оның 23-і балаларда зертханалық расталды. Сондай-ақ, тұмауға қарсы емес вирустарға 1456 зертханалық зерттеулер жүргізілді, 30% жағдайда оң нәтижелер алынды. Көбінесе риновирус (60%), паратұмау (14,4%) және бокавирус (10,5%) анықталады.

Еліміздің стационарларында 7222 инфекциялық төсек орналастырылған, оның 39%-ы қазір жұмыс істейді. 2 793 пациент, оның ішінде ЖРВИ-мен 2 433 және пневмониямен 360-ы емдеуге жатқызылды.

«Инфекциялық бөлімшелердің шамадан тыс жүктелуі байқалмайды — барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың одан әрі өсуі жағдайында төсектердің жеткілікті резерві бар», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Тұмауға қарсы вакцинациялак шеңберінде халықтың осал топтары үшін вакцинаның 2,1 млн дозасы сатып алынды, бұл ДДҰ ұсынған кемінде 10% деңгейінде халықтың 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді. 29 қазандағы жағдай бойынша 1 689 178 адам егілді, вакцинациялау жалғасуда.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

ДДҰ дерктері бойынша, Еуропада тұмау вирустарының белсенділігі артып келеді - алты елде ауру деңгейі базалық деңгейден асып кетті, Испания мен Норвегияда індет тіркелді. Тұмаудың 129 жағдайының 98%-ы А типті вирусқа жатады.

АҚШ-та вирустардың белсенділігі төмен болып қалады, 38 аптада тұмаудың 27 жағдайы тіркелді. Азия елдерінде (Катар, Сингапур) А(H1N1)pdm09, A(H3N2) және В типті тұмау вирустарының жергілікті өршуі тіркелген.

          Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізуді жалғастыруда және азаматтарды тұмауға қарсы, әсіресе қауіп топтарының өкілдерін — балалар, қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарды уақтылы вакцинациялауға шақырады.

 

 

Дата публикации
06 ноября 2025
Дата обновления
06 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы