Меню

Страницы

Статья

Елордадағы инфекционистердің IV халықаралық конгресі

Астанада инфекционисттердің IV халықаралық конгресінің ашылуы өтті. Конгресске жаһандану жағдайындағы өзекті сын-тегеуріндер мен тиімді шешімдерді талқылау үшін Қазақстаннан және шетелдерден инфекциялық аурулар, эпидемиология және иммундық-профилактика саласындағы жетекші сарапшылар жиналды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің атынан қатысушыларды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қарсы алды. Ол баяндама жасай отырып, инфекциялық аурулардың жаһандық таралуы жағдайында халықтың денсаулығын қорғау бойынша негізгі тәуекелдер мен басым шараларды белгіледі.

Қазақстан зертханалық диагностика мен микробиологиялық мониторингті жетілдіруді, тұрақты штаммдарды анықтаудың экспресс-тесттері мен генетикалық әдістерін енгізуді, сондай-ақ медицина қызметкерлерін антибиотиктерді ұтымды қолдану саласында оқытуды қамтитын Микробқа қарсы препараттарға төзімділікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жол картасын іске асырады.

Қазақстан биоқауіпсіздік саласындағы құқықтық және институционалдық базаны нығайтуда: «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заң қолданысқа енгізілді, биоқауіпсіздік саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, «Биологиялық қауіпсіздік» мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылуда. Сондай-ақ, «Шұғыл хабарлау» модулін және вакциналардың салқын тізбегін цифрландыруды қоса алғанда, эпидемиологиялық қадағалау саласында цифрлық шешімдер енгізілуде.

Жаһандану инфекциялардың таралу жылдамдығы мен ауқымын күшейтті, бірақ жаһанданумен қатар геномдық секвенирлеу, цифрлық қадағалау сияқты жаңа құралдар бірге енгізілді. «Клиницистердің,  эпидемиологтардың, Үкіметтің және халықаралық ұйымдардың бірлескен жұмысы жаһандық тәуекелдерді басқарылатын қатерлерге айналдырады», - деп атап өтті С.Бейсенова.

Дата публикации
09 октября 2025
Дата обновления
14 октября 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы