Меню

Страницы

Статья

Жаңа Тамақтану стандарты 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Құрметті журналистер, әріптестер!

 Бүгін біз мектептегі жаңа тамақтану стандарты туралы айтатын боламыз.

Мектепте тамақтану дегеніміз – бұл тек түскі асты ұйымдастыру ғана емес. Бұл - балалардың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі.

Мектеп жасында тамақтану мәдениеті, дұрыс тамақтану дағдысы қалыптасады, сол дағды  өмір бойы сақталады.

Сондықтан, балаларды сапалы, қауіпсіз тамақтандыру біздің басты міндетіміз.

Мемлекет 2023 жылдан бастап бастауыш сыныптардың барлық оқушысын және арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқылы балалардың жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Алайда жүргізілген талдау нәтижесінде: оқушылардың рационында тұздың, қанттың және майдың көп екені, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдерінің аз екені анықталып отыр.

Бұл алаңдаушылық тудыртады: мұндай жағдай балалардың арасындағы семіздікке, қант диабетіне және жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келеді.

Проблеманы ескеріп, мемлекет оқушылардың дұрыс тамақтануын басым міндеттердің бірі етіп айқындады.

Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен бекітілген жаңа Тамақтану стандарты 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Ол барлық білім беру ұйымдарына – балабақшаларда, мектептерде, колледждерде және сауықтыру лагерьлерінде қолданылады.

Стандарт:

  • Денсаулық сақтау министрлігінің,
  • Оқу-ағарту министрлігінің,
  • Қазақ тағамтану академиясының,
  • Халықаралық ұйымдар — ЮНИСЕФ және ДДҰ тығыз байланыста әрекет етуімен әзірленді.

Стандартта дұрыс тамақтануға арналған заманауи халықаралық әдістер негізге алынды.

Негізгі өзгерістер мыналарды көздейді:

(ДДҰ-ның ұсынымы бойынша) Тағамның құрамындағы қантты 3,6 есеге, ал тұзды 5 есеге азайту;

рационда көкөністердің, жеміс-жидектердің және сүт өнімдерінің үлесін арттыру;

шұжық өнімдерін, ысталған өнімдерді, спредтерді және құрамындағы қанты мен тұзы көп басқа да өнімдерді мәзірден алып тастау;

тәтті сусындарды сумен, сүтпен, сүт қышқылы өнімдерімен, жеміс-жидек қосылған шәйлармен және құрамындағы қанты аз компоттармен алмастыру.

Бұдан басқа, Стандартта алғаш рет мынадай жекелеген талаптар қамтылған:

шағын жинақты мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

ерекше диеталық қажеттілігі бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптар.

Алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» деген ұғым енгізілді – бұл тамақ қалдықтарының сандық көрсеткіші, ол:

- берілген тамақты балалар қаншалықты жақсы жейтінін;

- мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін бағалауға мүмкіндік береді.

Стандарт енгізілуі үшін:

- көп нұсқалы типтік мәзір әзірленді;

- ыстық тамақ дайындамайтын шағын жинақты мектептер үшін алғаш рет арнайы мәзір әзірленді;

- жас ерекшелік қажеттіліктері, калориялық, маусымдық, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердің ерекшелігі ескерілді.

Типтік перспективалық мәзір ұсынымдық сипатта болады және:

  • ата-аналар мен балалардың пікірері;

- жергілікті өнімдердің қолжетімділігі ескеріле отырып бейімделеді.

Стандартты енгізуге дайындық кезінде ауқымды оқыту науқаны жүргізілді:

- Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрлерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің және өңірлік басқармалардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді;

- денсаулық сақтау, білім беру және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған топтық семинарлар ұйымдастырылды – 365 маман оқытылды;

- Мектеп директорлары, мектептегі медицина қызметкерлері  және өнім берушілері үшін аудандық деңгейде оқыту семинарлары жүргізілді.

Бүгінгі күні:

- барлық өңірлерде жаңа Стандартқа сәйкес төрт апталық мәзір бекітілді;

- оқу жылы ішінде жеуге жарамсыздық индексін бағалауды қоса алғанда мониторинг жүргізіледі;

- Осы индекс жоғарылаған кезде тамақты қоректік құндылығы бойынша соған ұқсас, бірақ балаларға тиімдірек тамақпен алмастыруға рұқсат етіледі.

Бүгін сіздермен берге осы жерде:

  • Қазақ тағамтану академиясының,
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының,
  • Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысып отыр, олар Стандартты енгізудің тәсілдері мен практикасы туралы толығырақ айтып береді. Сондайа-ақ, қаржыландыру, ас блогын жарақтандыру, сабақ кестесінде тамақтануға жеткілікті уақыт бөлу, ата-аналар қауымын тарту мәселелері сияқты сұрақтарға жауап береді

Сонымен қатар, Алматы қаласынан келіп отырған әріптестеріміз мектептерде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық өзара тиімді жұмыс жүргізіп жүр. Олар да өздерінің жақсы тәжірибесімен бөлісетін болады.

 

Назарларыңызға рахмет!

Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.

 

 

Дата публикации
06 октября 2025
Дата обновления
14 октября 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы