Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда жаңа тамақтану стандарты енгізілді

Мектептегі тамақтану жүйесіне енгізілген негізгі өзгерістер туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов баяндады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық балабақша мен мектепте, колледждер және сауықтыру лагерьлерінде жаңа тамақтану стандарты іске қосылды. Сапалы, теңгерімді және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. 2023 жылдан бастап мемлекет тарапынан бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Алайда жүргізілген талдау нәтижелері оқушылар рационында тұз, қант және май үлесінің жоғары екенін, ал  көкөніс, жеміс-жидек пен сүт өнімдері мөлшерінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Бұл өз кезегінде балалар арасында семіздік, диабет және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады.

Аталған мәселелер ескеріле отырып, Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп жаңа Стандарт әзірленді. Ол заманауи халықаралық салауатты тамақтану қағидаттарына негізделген.

Басты өзгерістер:

  • ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес тұз мөлшері (5 есеге), қант мөлшері (3,6 есеге) айтарлықтай  азайтылды;
  • көкөністер, жемістер және сүт өнімдерінің үлесі артты;
  • шұжық өнімдері, ысталған тағамдар, спредтер және құрамында тұз бен қант мөлшері жоғары басқа да өнімдер мәзірден алынып тасталды;
  • тәтті сусындар орнына су, сүт, сүтқышқылды өнімдер, қант мөлшері аз жеміс шайлары мен компоттар ұсынылады.

Стандартқа алғаш рет шағын жинақты мектептердегі тамақтануды ұйымдастыруға және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақпен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар енгізілді.

Бұдан бөлек, жаңа ұғым – «Жеуге жарамсыздық индексі» енгізілді. Ол балаларға ұсынылған тамақтың қаншалықты сәйкес келетінін бақылауға мүмкіндік береді. Егер көрсеткіш 30%-дан жоғары болса, мәзірге түзету енгізу қажеттігін білдіреді. Бұл тәсіл тамақтану жүйесін ашық әрі оңтайлы басқаруға ықпал етеді.

Шағын жинақты және ас блогы жоқ мектептердегі тамақтануға ерекше назар аударылды. Арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалар үшін жеке мәзір әзірленді.

Бүгінгі таңда барлық өңірлерде жаңа Стандартқа сәйкес төрт апталық мәзір бекітілген. Оқу жылы көлемінде «Жеуге жарамсыздық индексі» бағалана отырып, іске асырылу барысы мониторингіленетін болады.

 

Дата публикации
03 октября 2025
Дата обновления
03 октября 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы