Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру үшін «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Өзгерістер ДДҰ ұсынымдарына сәйкес эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыруға және эпидемияға қарсы шараларды дер кезінде қабылдауғабағытталған.  

Құжатта:

- ЖРВИ мен тұмауға тексерілетін науқастарды іріктеу әдістемесін жетілдіру;

- биологиялық материалды зертханаға алу, тасымалдау және сақтау ережелерін нақтылау;

- білім беру ұйымдарындағы топтық сырқаттанушылық кезінде қолданылатын шараларды нақтылау;

- ауруларды неғұрлым толық мониторингтеу үшін жас топтарын және есепке алу мерзімдерін кеңейту көзделген.

Бұл шаралар сырқаттанушылықтың өуін уақытылы анықтауға және жедел эпидемияға қарсы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
26 сентября 2025
Дата обновления
26 сентября 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы