Топырақ ауыл шаруашылығының, экожүйенің және де адам денсаулығының негізі болып табылады. Алайда, біздің аяғымыздың астында тыныш дағдарыс жүріп жатыр, ол топырақтың ластануы. Ауыр металдардың, пестицидтердің, өнеркәсіптік қалдықтардың және пластмассалардың жиналуы егінге ғана емес, біздің әл-ауқатымызға да қауіп төндіруде.
Қоршаған ортаның жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері топырақты санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық және радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізеді.
2024 жылы 7918 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеліп, оның ішінде 23 сынама (0,29%) сәйкес келмеді, микробиологиялық көрсеткіштерге 9133 сынама зерттелді, 162 (1,7%) сәйкес келмеді, паразитологиялық көрсеткіштерге 10164 сынама зерттелді, 118 (1,1%) сәйкес келмеді. Пестицидтердің құрамына 855 топырақ сынамасының ішінен сәйкес келмейтіндер анықталған жоқ.