Күн сайын біз су ішеміз, бірақ әрбір жұтым судың құрамында не бар екенін ойлай бермейміз. Өкінішке қарай, көптеген өңірлерде ауыз судың сапасы көңіл көншітерлік емес. Ластанған су – тек жағымсыз дәм мен иіс қана емес, ол инфекциялық ауруларға, созылмалы дерттерге, тіпті өлім жағдайларына алып келетін елеулі қауіп.
Суымыздың құрамында не жасырынуы мүмкін? Таза ауыз су мөлдір, иіссіз, дәмсіз болып, қатаң санитариялық талаптарға сай келуі тиіс. Алайда іс жүзінде су құрамында қауіпті қоспалар кездеседі: микробтар, химиялық заттар, радиоактивті заттар.
Орталықтандырылған су жүйелерінде жыл сайын жүргізілетін тексерулер нәтижесінде судың басым бөлігі санитариялық талаптарға сәйкес келетіні анықталады. Дегенмен, орта есеппен алғанда сынамалардың 1–3%-ы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша, ал 3–8%-ы химиялық құрам бойынша талапқа сай болмай шығады. Бұл тіпті орталықтандырылған су жүйесі бар қала мен ауылдарда да ластанған суды пайдалану қаупі бар екенін көрсетеді.
Ал ауылдық жерлерде тұрғындар көбіне құдық пен бұлақ суын пайдаланады. Мұндай сулар табиғи құрамында темір, магний сияқты заттарды қамтиды. Ұзақ уақыт бойы осындай суды тұтыну денсаулыққа кері әсерін тигізеді.
Өзіңіздіжәнежақындарыңыздықорғау үшін неістеукерек?
- су сүзгілерінпайдаланыңыз: судызияндықоспалардантазартуүшінпәтеріңізгенемесеүйіңізгесусүзгісінорнатыңыз.
- суды қайнатыңыз: егер сіз судың сапасына сенімді болмасаңыз, оны 10-15 минут қайнатыңыз.
- бөтелкедегісудыпайдаланыңыз:таза суға қол жеткізеалмасаңыз, бөтелкедегісудыпайдаланыңыз.
- судыңсапасынүнемітексеріп отырыңыз:егерсізұңғымаданнемесебұлақтансудықолдансаңыз, оныңсапасынзертханадаүнемітексеріп отырыңыз.
- су ресурстарын қорғау бастамаларын қолдаңыз: өзендер мен көлдерді тазарту акцияларына қатысыңыз, су ресурстарын қорғау ұйымдарына қолдау көрсетіңіз.
Таза су – өмір мен денсаулықтың негізі.