Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кәсіби мерекесі атап өтілді

2025 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне арнап  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұйымдастырған салтанатты іс-шара өтті.

Жиынның ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, мемлекеттік органдардың өкілдері, Комитеттің, аумақтық бөлімшелер мен бағынысты мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты. Қатысушылар халық денсаулығын нығайтуда және жаһандық масштабта биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маңызды рөлін атап өтті.

Шара барысында Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қалыптасу тарихына ерекше назар аударылды. Оның тарихы 1900 жылдың басынан бастау алып, санитариялық бақылау жүйесі енді ғана қалыптаса бастаған еді. Кеңес кезеңінде қызмет инфрақұрылымы қалыптасты, ал тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан уақыттың сын-тегеуріндеріне қарсы тұра алатын өз санитариялық бақылау моделін құрды.

COVID-19 пандемиясы кезеңі қызмет маңыздылығының жарқын мысалы болды, сол кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары алға шығып, ұлт денсаулығын қорғады. Олардың жанқиярлығы, кәсібилігі мен жедел әрекеттері инфекцияның таралуына қарсы күресте маңызды факторға айналды.

Бүгін Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметі инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алудан бастап, судың, азық-түлік өнімдерінің және қоршаған ортаның сапасын бақылауға дейін кең ауқымдағы міндеттерді атқарады. Эпидемиологиялық қадағалау, аурулардың ошақтарына ден қою, санитариялық ағарту және халық арасында гигиена мәдениетін қалыптастыру – бұның барлығы сала мамандарының үнемі назарында.

Іс-шара, сондай-ақ қызметтің бастауында тұрған және жаңа буынға эстафетаны табыстаған ардагерлерге құрмет көрсету алаңы болды. Жиын барысында саланы дамытуға елеулі үлес қосқан 400-ге жуық майталман маман мен ардагер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

 

Дата публикации
18 сентября 2025
Дата обновления
18 сентября 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы