Құрметті қонақтар! Әріптестер!
Баршаңызды алғаш рет атап өтіліп жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, қызметтің атынан Ақмарал Шәріпбайқызына құттықтаулары мен тілектері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Бірінші рет тойланып отырған осы мерекеде біз қызметтің тарихын және оны дамытуға үлес қосқан барлық адамдарды – алғашқы басшылардан бастап санитариялық дәрігерлерді, эпидемиологтарды, зертхана қызметкерлерін, санитариялық фельдшерлерді, зертханашыларды еске аламыз.
Мемлекетті карантиндік инфекциялардың әкелінуінен қорғаудың алдыңғы шебі жолаушыларды тексеруді қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттердің қызметкерлері болып табылады.
Ондаған жылдар бойы обаға қарсы күрес станциялары халықты аса қауіпті инфекциялардан қорғауды қамтамасыз ететін, аурулардың өршуін жоюға дайын бірегей орталық болып саналады.
Бүкіл жүйенің жүрегі – ол тәуекел факторларын объективті бағалауды, инфекция қоздырғыштарын анықтауды және қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін зертханалық қызмет. Жұмыс істеген жылдары облыстық зертханалар жүргізетін тәуліктік зерттеулердің көлемі 96 зерттеуден пандемия кезеңінде 5 мың зерттеуге дейін артты.
Қоғамдық денсаулықты сақтауға басқа ведомстволардағы –Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері, Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы, ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадағы әріптестеріміз, госпиталдық эпидемиологтар да үлес қосуда.
Біздің әріптестеріміз экономиканың барлық салаларындағы жеке секторда жұмыс істеп, халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте кәсіпкерліктің дамуымен қазіргі уақытта біздің әріптестеріміз жеке практикамен белсенді айналысуда және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасындағы үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының қатарында.
Қызметтің жұмысы – бұл тек дәрігерлердің ғана емес, сонымен бірге медициналық білімі жоқ мамандар – биологтар, зоологтар, химиктер, бухгалтерлер, экономистер мен заңгерлерден, сондай-ақ дезинфекторлар, санитарлар, жүргізушілерден тұратын үлкен команданың күш-жігерінің нәтижесі, олардың арқасында қызмет үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеп келеді.
Жаңа сын-қатерлер мен жаңа инфекциялардың таралуын ескере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің рөлі еселеп артты, COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі қызметтің жұмысы оған куә.
Соңғы 20 жылда зертханаларды жоғары дәлдіктегі және қосалқы жабдықтармен жарақтау, департаменттердің аудандық және қалалық басқармаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді.
Комитеттің мамандары Еуразиялық экономикалық одақтың алаңында елдің ұстанымдарын қорғайды, халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу жолға қойылды.
Жыл сайын мемлекеттік гранттар бөлініп, медициналық жоғары оқу орындарында «Медициналық-профилактикалық іс» факультетінің кадрлар даярлау жүйесінің қалпына келтірілгені қуантады. Бұл Министрлік, Комитет басшылығының және республиканың медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бірлескен күш-жігері мен табандылығының арқасында мүмкін болды.
2023 жылдан бастап алынып тасталған қадағалау функцияларын қайтару жөніндегі заңнамалық жұмыс жалғасуда, олардың бір бөлігі қабылданды. Қазіргі уақытта Парламентте мемлекеттік бюджеттен (тамақтануға, тәрбиелеуге, білім беруге, медициналық қызметтерге) қаржыландырылатын балалар объектілерін бақылауды күшейтуге бағытталған бастамалар қаралып жатыр.
Мемлекеттік бақылауды автоматтандыруды іске асыру басталды, ол астананың екі ауданында пилоттық енгізілді және одан әрі жылдың соңына дейін өңірлерге масштабталады.
Қазіргі уақытта Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жаңғырту жоспары іске асырылуда, 2029 жылға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасының жобасына кадр әлеуетін нығайту, Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерді іске асыру бөлігінде тиісті ұсыныстар енгізілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тұрақты негізде 94 инфекцияға мониторинг жүргізіп отырады. Республика халқы арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 16 аурумен (оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, құтыру және т.б.) сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ, 40 инфекция (КВИ, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, скарлатина, бруцеллез, эхинококкоз және т.б.) бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді.
Жетістіктермен қатар, бірқатар проблемалық мәселелер де бар, олар – материалдық-техникалық базаның нашарлауы, төмен жалақы, ауылдық жерлердегі қызметкерлер үшін әлеуметтік пакеттің болмауы, бұл кадрлардың кетуіне әкеп соқты. Қызметте білікті салалық кадрлардың жетіспеуі жалпы бос орындардың 80%-ын құрайды.
Осыған байланысты, өңірлік деңгейде кадрлармен қамтамасыз ету үшін гранттарды немесе нысаналы бағдарлама бойынша оқытуды ұлғайта отырып, кадрлар даярлайтын оқыту бағдарламаларын қайта қарау мәселесі пысықталуда.
Құрметті әріптестер!
Осы мереке күні еңбегі, білімі мен тәжірибесі үшін қызметтің ардагерлерін ерекше құрметпен еске аламыз.
Сіздердің әрқайсыңызға кәсіпке адалдығыңыз, төзімділігіңіз және ұлт денсаулығын сақтау ісіндегі өз миссияңызға деген адалдығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі күні халықтың денсаулығын сақтаудың және саламаттылығын қамтамасыз етудің берік негізі қаланды.
Шын жүректен сіздерге денсаулық, ұзақ өмір, отбасы жылулығын және еңбектеріңіздің әрқашан сұранысқа ие болып, лайықты бағаланатынына, жаңа буын мамандары үшін үлгі болатынына деген сенімділік тілейміз.
Сөзімді аяқтай отырып, астананың әкімдігіне және филармония ұжымына бүгінгі іс-шараны өткізуге жәрдем көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.
Сіздерге және жақындарыңызға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!