Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) өзгерістер енгізілуіне байланысты, қызмет алушыларға төмендегідей жаңалықтар туралы хабарлаймыз. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №23 бұйрығымен бекітіліп, 2025 жылғы 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.
Кадастрлық паспортты ұсыну талабы
Өзгерістердің бірі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға өтініш берген кезде жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын (2023 жылғы 1 шілдеге дейін – техникалық паспорт) міндетті түрде ұсыну талабының енгізілуі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тарту негіздері
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының тізбесінің 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер объектінің үй-жайларының нақты құрамы мен ауданы кадастрлық паспорттағы мәліметтерге сәйкес келмесе, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартылуы мүмкін.
Жылжымайтын мүлік объектілеріне не жатады
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер жылжымайтын мүлікке жатады.
Дәл осындай объектілерге кадастрлық паспортты ұсыну талабы қолданылады.
Қызмет көрсету барысында объектіні тексеру
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында Комитеттің аумақтық департаменттері объектіге шығу арқылы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
Тексеру нәтижелері бойынша акт рәсімделіп, онда мыналар тіркеледі:
Мемлекеттік техникалық тексеру
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, жылжымайтын мүлікке техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде), мемлекеттік техникалық тексеру, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке кадастрлық нөмір беру жүргізіледі.
Алайда мұндай өзгерістер кадастрлық паспортта мемлекеттік техникалық тексерусіз көрсетілуі мүмкін жағдайлар да бар (кадастрлық нөмірдің, мекенжайдың, мекенжай тіркеу кодын (болған жағдайда) өзгерту кезінде).
Бұл дегеніміз, егер үй-жайлардың параметрлері өзгерсе (мысалы, қайта жоспарлау жасалса), қызмет алушыларға кадастрлық паспортқа уақытылы өзгерістер енгізу қажет.
Әділет органдарының құзыреті
Кадастрлық паспорт беру және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық сипаттамаларына өзгерістер енгізу мәселелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыретіне жатады.
Аталған тәртіп мына құжатпен реттеледі: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығы «Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы».
Қорытынды
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін өтініштерді қарау кезінде Комитеттің аумақтық департаменттері ұсынылған кадастрлық паспортты тек үй-жайлардың құрамы мен ауданының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан ғана бағалайды.
❗ Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық сипаттамаларына (аудан, үй-жайлардың құрамы, кадастрлық нөмір және т.б.) өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің айрықша құзыретіне жатады.