Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысымен танысты. Ол Өскемен қаласының әуежайын, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесін, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының зертханалық бөлімшелерін аралады.
Әсіресе зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласын дамыту перспективалары, инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағыттары талқыланды.
Сархат Бейсенова сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесіп, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жетістіктері мен даму перспективалары туралы баяндады.
Кездесу соңында Медицина қызметкері күні мен Мемлекеттік қызметші күніне орай бірқатар қызметкерлер өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.