Меню

Страницы

Статья

Алматыда әуежайдың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Гокер Косе мырзамен кездесті. Кездесу кезінде әуежайдың санитариялық-қорғаныш аймағының өзекті мәселелері, сондай-ақ санитариялық-карантиндік пункттің жұмысы талқыланды. Әуежай аумағына тұрғын үй құрылыстарының жақын орналасуына байланысты туындайтын проблемаларға ерекше назар аударылды.

Сархат Бейсенова ағымдағы жылғы мамырда санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеу үшін құрамына Денсаулық сақтау министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ әуежай басшылығы кіретін ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілетіні туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, санитариялық-карантиндік пунктті қажетті жабдықтармен және техникамен жарақтандыруға, мамандардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер көтерілді.
Тараптар 2023 жылы өткізілген Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың негізгі мүмкіндіктерінің талаптарына әуежайдың сәйкес келуін ішкі бағалау қорытындыларын талқылады. Бұл бағалау халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін оқиғаларға ден қоюға дайындықты қамтамасыз ету үшін өте маңызды болып табылады.
Әуежай президенті Гокер Косе аталған мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетуге, оның ішінде санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу мәселелерінде халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелер бойынша кеңес беруге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында Сархат Бейсенова әуежайдың санитариялық-карантиндік пунктіне барып, мамандардың жұмысымен танысты. Сапар қорытындысы бойынша бейінді кадрларды тарту үшін медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерімен жұмысты жандандыру, сондай-ақ көлік объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде тапсырмалар берді.

Дата публикации
26 мая 2025
Дата обновления
26 мая 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы