Меню

Страницы

Статья

Жіті ішек инфекцияларынан өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – бұл бактериялар мен вирустар туындататын аурулардың үлкен тобы. Қауіпті қоздырғыштарға мыналар жатады: сальмонелла, шигелла (дизентерия), ротавирустар, энтеровирустар.

Олар көбіне лас қол, ластанған тағам, су және тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, сұйық нәжіс және әлсіздік. Ауру өте тез дамиды – инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 2 тәулікке дейін аралықты құрайды.

Қарапайым ережелерді сақтау ЖІИ жұқтыру қаупін төмендетуге көмектеседі:

Қауіпсіз тағам өнімдерін таңдаңыз. Жарамдылық мерзімін тексеріп отырыңыз, жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды сумен жақсылап жуыңыз. Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді қолдануға болмайды.

Тағамдарды дұрыс сақтаңыз. Дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз.

Тамақты қолданар алдында мұқият қыздырыңыз. Бұл сақтау кезінде көбейген зиянды микробтарды жоюға көмектеседі.

Айқаспа ластанудан сақтаныңыз. Шикі және дайын тағамдардың жанасуын болдырмаңыз, әсіресе нанмен, қантпен, ірімшікпен.

Қолды жиі жуыңыз. Қолды тамақ ішер алдында, әжетханадан кейін, ас әзірлеу кезінде әр үзілістен соң сабынмен жуу қажет.

Тағамдарды жәндіктер мен кеміргіштерден қорғаңыз. Олар түрлі инфекцияларды тасымалдаушы болуы мүмкін.

Таза суды пайдаланыңыз. Ішуге, тамақ әзірлеуге және ыдыс-аяқ жууға тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз. Ашық су көздерінен су ішпеңіз.

Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Су айдындарында және бассейндерде шомылғанда судың ауызға түсуіне жол бермеңіз.

Есіңізде болсын: алдын алу – бұл өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы!

 

Дата публикации
22 мая 2025
Дата обновления
22 мая 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы