Қазақстанда адам папилломасы вирусы (ВПЧ) вакцинациясы қыздармен қатар ұл балаларға да егілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы халықаралық тәжірибе негізінде қарастырып жатыр. Себебі бұл вирус тек әйелдерге емес, ерлерге де қауіпті. Ол аналық жатыр мойны қатерлі ісігінен бөлек, тік ішек, ауыз-жұтқыншақ пен көмей ісігін де тудыруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, вакцина неғұрлым ерте егілсе, соғұрлым тиімді. Қазір әлемнің 143 елі бұл екпені енгізсе, оның ішінде 43 мемлекет – ұл балаларды да қамтып отыр. Қатарда көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан бар. Ал Қазақстан бұл қатарға қосыла ма? Ұл балаларға да адам папиломасы вирусына қарсы екпе салу қажет пе? «Сол жағалау» бағдараламасында анықтаймыз.
Мадина Орысбаева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы
https://www.youtube.com/watch?v=ORnSDTEDP30