Осы мамыр айында 11–13 жас аралығындағы 138 мыңнан астам қыз бала екпенің алғашқы, 45 мыңға жуығы екінші дозасын алған. Айта кетейік, былтыр 1 қыркүйекте басталған ұлттық вакциналау бағдарламасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынымдарына сай жүргізілуде. Қазақстан – бұл тәжірибені енгізген 135 елдің бірі. Себебі вакцина болашақта қауіпті дерттің алдын алуға мүмкіндік береді.
https://qazaqstan.tv/news/211508/