Меню

Страницы

Статья

Туберкулездің алдын алу

Туберкулез – қоздырғышы Mycobacterium tuberculosis бактериясы болып табылатын, ауа тамшылары арқылы берілетін инфекциялық ауру. Туберкулезді кез келген адам жұқтыруы мүмкін, әсіресе бұл ауруға иммунитеті жеткіліксіз қалыптасуына байланысты балалар сезімтал болады.
Туберкулез негізінен ауа тамшылары арқылы, жөтелу, түшкіру, туберкулезбен ауыратын адамдардан бөлінетін қақырық арқылы таралады.
Инфекция көзі – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдар мен жануарлар (ірі қара, ешкі, ит).
Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда бактерия бөлетін өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар ең қауіпті болып табылады.
Созылмалы тыныс алу жолдары ауруларымен (бронхит, пневмония және т.б.), қант диабетімен, алкоголизм, АИТВмен ауыратын адамдардың сырқаттану тәуекелі жоғары болуы мүмкін.
Туберкулездің дамуына организмнің қорғанышын әлсірететін факторлар – дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, алкоголь және т.б. әсер етеді.
Туберкулез организмде бактериялардың көбеюі және әртүрлі ағзалардың зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Туберкулездің белгілері көптеген айлар бойы байқалмай, нәтижесінде науқас басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін.
Туберкулезге тән клиникалық белгілер: ұзақ жөтел (2-3 аптадан астам), қақырық бөлінетін жөтел, қан түкіру, дене салмағының жоғалуы, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Туберкулез тек өкпеге ғана емес, сонымен қатар басқа ағзаларға да әсер етуі мүмкін (омыртқа, тері және т.б.), оның белгілері организмдегі инфекциялық процестің орналасуына байланысты болады.
Аурудың таралуын болдырмайтын негізгі шаралар:
- балаларды иммундау. Туберкулез ауруларының алдын алу мақсатында дені сау жаңа туған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, перзентханада туғаннан кейін 2-4 тәулікте Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ (Кальметт-Герен бацилласы) вакцинасымен егу жүргізіледі.
- науқастарды ерте анықтау. Ересектер мен 15 жастан асқан балаларды жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу, Манту сынамасы бойынша 14 жасқа дейінгі балаларды тексеру.
- салауатты өмір салтын, жеке гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті көтеру.
Туберкулезді мынадай жағдайларда емдеуге болатындығын есте ұстаған жөн: дәрігерге уақтылы жүгіну, уақтылы тексеру, медициналық қызметкердің бақылауымен ауруды үздіксіз емдеу.
Туберкулезді тексеру және емдеу тегін!
Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Дата публикации
12 мая 2025
Дата обновления
12 мая 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы