Меню

Страницы

Статья

27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы өтеді

Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі – инфекциялық аурулардың вакцинопрофилактикасына тоқталуға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі тақырып - 2005 жылдан бастап ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының бастамасымен өткізіліп келе жатқан, Еуропалық иммундау апталығына арналған.

Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) - иммундауды насихаттаудың тиімді механизмі.

ЕИА-ның мақсаты – иммундауға назар аудару және халықтың иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.

20 ғасырдың екінші жартысындағы вакцинация науқандары адамзаттың ең үлкен жетістіктерінің бірі болып табылады, бұл бізге шешек ауруын жоюға, полиомиелитті дерлік жеңуге мүмкіндік берді.

Биыл Еуропалық иммундау апталығы ағымдағы жылғы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді.

«Барлығына иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өткізілетін Еуропалық иммундау апталығының негізгі тақырыбы қазір және болашақта аурудың өршуіне жол бермеу үшін халықты вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттілігі болмақ.

Биыл Еуропалық иммундау аптасы жастар мен жастар ұйымдары арасында иммундау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ілгерілету үшін студенттер мен жас мамандарды тарту ұсынылды.

Республикалық деңгейде Алматыда 10-11 сәуірде медицина қызметкерлері үшін халықаралық деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен ғылыми конференция өткізілді, сондай-ақ студенттер арасында АПВ-ға қарсы вакцинация мәселелерін талқылау бойынша пікірталас ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасында жоспарлы иммундау бағдарламасы қарқынды жетілдірілуде және кеңейтілуде.

2024 жылы Ұлттық егу күнтізбесіне жатыр мойны обырының және қатерлі ісіктің басқа да түрлерінің қоздырғышы болып табылатын адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация енгізілген.

ҚР-да жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында және фертильді (25-44) жастағы  әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімінің екінші себебі болып табылады.

Жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, жылына 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.

Сондықтан, АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу еліміздің болашақ ұрпағының денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам болып табылады.

Қазіргі уақытта иммунизациялау бағдарламасы 21 инфекцияға қарсы вакцинациялауды қамтиды.

ҚР халқын вакцинациялау ҚР Үкіметінің 2020ж. 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген, 21 инфекцияға (құтырма, іш сүзегі, кене энцефалиті, А, В гепатиті, В типті гемофильді инфекция, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, оба, паротит, пневмококк инфекциясы, АПВ, КВИ, тұмау, сібір жарасы, туляремия).

Жыл сайын республика бойынша 4 млн. астам адам егіледі. Вакциналарды сатып алуға шамамен 38 млрд. теңге бөлінеді.

Иммундау арқылы инфекциялар мен олардан болатын өлімді азайту үшін көп нәрсе жасалды.

Мысалы, 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия жағдайлары тіркелмеген.

Соңғы 34 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында мынадай сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды:

- эпидпаротит - 100 еседен астам (яғни 1990 ж. 12194 жағдайдан 2024 ж. 118 жағдайға дейін);

- А вирустық гепатиті - 32 еседен астам (яғни 1990 ж. 73 962 ж. 2024 жылы 2289 ж. дейін);

- В вирустық гепатиті - 92 есе (1990 ж. 5287-ден 2024 ж. 57 жағдайға дейін);

- қызамық – 2 мың еседен астам (24 396 жағдайдан 2024 ж. 11 жағдайға дейін) төмендеген.

Сіреспемен сырқаттану деңгейі тұрақты – аурудың тек бірлі-жарым жағдайлары тіркеледі – 1990 жылы – 13 жағд., былтырғы жылы – 2 жағд. тіркелген.

Соңғы 2-3 жылда біздің елімізде, көптеген елдерде сияқты, қызылша мен көкжөтел бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады. Бұл ретте, жағдайлардың басым көпшілігі  жоспарлы вакцинация алмаған балаларға тиесілі (қызылша бойынша 75%-дан астамы және көкжөтел бойынша 87%-ы егілмегендер).

Республикада қызылша, көкжөтел жағдайларының өсуі инфекцияның алдын алуда иммундаудың маңыздылығын көрсетеді.

Иммунизацияның қол жеткізілген жетістіктерімен қатар, көптеген адамдар жоғарыда аталған инфекциялардың қаншалықты ауыр екенін ұмытып, вакцинациядан бас тарта бастады.

Елімізде бас тартушылардың саны жыл сайын артып келеді, тек ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 7 мыңға жуық ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты, бұл қызылша мен көкжөтел бойынша ағымдағы жағдайға әсер етеді.

Халықтың иммунопрофилактика мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру осы себепті маңызды.

ЕИА-ның шеңберінде елімізде:

- дөңгелек үстелдер, брифингтер, журналистермен, блогерлермен және медиа кеңістігіндегі дәрігерлермен кездесулер;

- вакцинацияның маңыздылығын талқылау үшін педиатрларға, эпидемиологтарға, жалпы тәжірибе және басқа профильді дәрігерлерге арналған конференциялар;

- иммундаудың маңыздылығы туралы көрнекі материалдарды басып шығару, тарату жоспарлануда.

Сондай-ақ, вакциналар мен вакцинациялар туралы сенімді деректер орналастырылған egu.kz сайты және 7701 сенім телефонының нөмірі туралы ақпаратты тарату бойынша да жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сөз соңында, Сіздердің көмегіңіз арқылы, ата-аналарға айтарым, Сіздің балаларыңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда! Вакцинамен басқарылатын инфекциялардан және олардың салдарларынан қорғау үшін балаларыңызды уақтылы егуді ұмытпаңыздар!

 

 

Дата публикации
30 апреля 2025
Дата обновления
30 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы