Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу ағымдағы жылдың 31 наурызынан 30 мамырына дейінгі аралықта жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша, оның ішінде талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар болған жағдайда тиісті ақпаратты s.sukhanov@ dsm.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.