Меню

Страницы

Статья

Мектептегі тамақтану стандарты бекітілді

Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты қабылданды, ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл тамақтану стандартында балаларды қауіпсіз, сапалы және теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ететін дұрыс тамақтануға қойылатын заманауи халықаралық талаптар ескерілген.
Тамақтану стандартының басты артықшылығы – тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту, көкөністер мен жемістерді тұтынуды арттыру және мәзірден табиғи емес тағамдарды алып тастау.
Құрамында қанты бар сусындар мен шырындар газдалмаған суға, сүтке, ашытылған сүтті сусындарға, жеміс шайларына, компоттарға, термиялық өңделген қант мөлшері аз жеміс-жидек сусындарына алмастырылды.
Тамақтану стандартында ерекше диеталық қажеттіліктері бар оқушыларды/балаларды тамақтандыру бойынша ұсыным берілген, сондай-ақ ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар көзделген.
Сонымен қатар, жеуге жарамсыздық индексі (табақ қалдықтары) тұжырымдамасы алғаш рет енгізілді, бұл тамақ ішкеннен кейін табақтарда қалған тамақ қалдықтарының ұсынылған тағамдардың жалпы көлеміне қатынасын білдіреді.
Осылайша, тамақтану стандартын енгізу білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын жақсартуға және балалардың денсаулығын жақсартуға негіз болады. Қазіргі уақытта жаңа оқу жылы басталғанға дейін білім беру ұйымдарында стандартты дайындау және енгізу жоспары әзірленуде.

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы