Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұрақты негізде 94 инфекцияға мониторинг жүргізді, өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК алқасының кеңейтілген отырысында 2024 жылы инфекциялық аурулардың көпшілігі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды, - деп атап өтті Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.
Сонымен қатар 16 нозология бойынша жағдай тіркелмегенін атап өтті. 40 инфекциямен сырқаттану деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.
Профилактикалық егулермен қамтудың жалпы деңгейіне вакциналардың барлық түрлері бойынша қол жеткізілді (95,3%).
Ұлттық егулер күнтізбесі шеңберінде жоспарлы және толықтыра вакцинациялау қызылша, көкжөтел сияқты инфекциялар бойынша сырқаттанушылықты төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді.