Меню

Страницы

Статья

Тиімді тәуекел-коммуникация: ТЖ жағдайында бірлескен күш-жігер талқыланды

«Төтенше жағдайлар кезіндегі тиімді тәуекел-коммуникация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, ДДҰ елдік кеңсесінің, Қазақстанның Қызыл жарты айының, UNICEF, сондай-ақ Төтенше жағдайлар және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері қатысты.
Тәуекел-коммуникация компоненті бойынша мониторинг, сондай-ақ дағдарыстық жағдайларда қоғамдық қатысу мәселелеріне басты назар аударылды.
Қатысушылар резонанстық мәселелерді ақпараттандыру және түсіндіру жөніндегі алдын алу шараларын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы шұғыл шараларды талқылады. Сондай-ақ, талқыланған тақырыптардың қатарында қауіп-қатерлерге тез әрекет етуге дайындықты арттыруға және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған ұсынымдар мен дағдарыстық коммуникация жөніндегі іс-қимыл жоспары да болды.
Мұндай кездесулер төтенше жағдайлардың салдарын болдырмаудың тиімді стратегияларын әзірлеуде маңызды рөл атқарады.

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы