Меню

Страницы

Статья

Сарапшылар микробқа қарсы тұрақтылық мәселелерін талқылады

Астанада мемлекеттік органдардың (ДСМ, АШМ), Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, ФАО, ДДҰ өкілдерінің, сондай-ақ кәсіби бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен «Пандемияға дайындық және Орталық Азиядағы «Бірыңғай денсаулық» тәсілінің негізіндегі жауап шаралары» жобасы аясында «Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің маңыздылығы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық бақылау арасындағы адам денсаулығына жаһандық қауіп төндіретін микробқа қарсы төзімділікке (МҚТ) қарсы күресті үйлестіруді нығайту болып табылады.
«Соңғы онжылдықта біз көптеген төзімді микроорганизмдер жағдайларының өсуін байқадық, бұл денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық түсірді. Төзімді штаммдардан туындаған инфекциялар асқынулары бар науқастардың ауруханада ұзағырақ болуына әкелді. Осыған байланысты біздің шараларымыз денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау сияқты негізгі салаларды қамти отырып, үйлестірілуі тиіс.", – деп атап өтті ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Айгүл Катренова.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында ветеринариялық секторда МҚТ эпидемиологиялық қадағалаудың пилоттық бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленіп, мониторинг үшін басым өңірлер мен негізгі патогендер айқындалды.

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы