2023 жылғы 23 қарашада ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Н. Садубаева ҚР ДСМ Әдеп жөніндегі уәкілі З.С. Байғаскинамен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен семинар-тренинг өткізді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік даму ісінде ҚР Ұлттық кітапханасымен өзара іс-қимыл мәселелері және kazneb кітапханасының электрондық ресурсын пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар семинар аясында «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры «Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік органдар жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
«Мұндай форматтағы алаң аумақтық бөлімшелердің әдеп жөніндегі уәкілдерінің әлеуетін арттыру, моральдық-психологиялық климатты жасау, қызметтік әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру үшін ресурс болып табылады», - деп атап өтті Ә.Садубаева.
Семинар қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелердің әдеп жөніндегі уәкілдеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бойынша ұсынымдар берілді.