Меню

Страницы

Статья

ASTANA MEDIA WEEK 2023

20-22 қыркүйек аралығында Астана қаласында медиа саласының беделді сарапшыларының, халықаралық және жергілікті журналистердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз қызметтері өкілдерінің қатысуымен «ASTANA MEDIA WEEK 2023» VII Халықаралық медиа форумы өтті. Сондай-ақ осы іс-шараға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің баспасөз хатшыларының қатысқанын атап өткен жөн.

Медиа форум жетінші рет өтуде, осыған қарамастан, ол жыл сайын өзінің ауқымымен таң қалдырады және биылғы жылы да ерекше болды, форумның әрбір қатысушысы өзі үшін жаңа идеялар мен жұмысты ілгерілету үшін кең мүмкіндіктер алды. Сарапшылар жаһандық өзгерістерді ескере отырып, жаңа медианы дамытудағы өз әзірлемелерімен бөлісті, басты лейтмотив отандық медиа саласын дамыту идеясы – оның жаһандық трендтердің талаптарына сәйкестігі болды.  

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мұндай кездесулерді өткізу қазіргі заманғы теледидар мен басқа да рейтингтік бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ іс-қимылдарындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Бірінші күні спикерлер мен қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізгі бағыттары мен қауіпсіздігін, ұлттық және әлемдік реттеушілердің даму перспективалары мен өзара іс-қимылын, заманауи теледидардың цифрлық контурындағы жарнаманы талқылады.

Екінші күн цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктеріне арналды: ұсынылатын ақпараттың жылдамдығы мен көлемі, дәстүрлі және заманауи журналистикадағы бәсекелестік. Жасанды интеллекттің дамуы, медиа құндылықтарының эволюциясы және жаңа әдеп сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Бұл күннің қисынды қорытындысы «Қазақстан» РТРК АҚ-ның «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі премьерасының көрсетілімі болды, көрермендердің ешқайсысы фильмге бей-жай қараған жоқ, көбісі бас кейіпкердің Міржақып рөліндегі виртуоздық ойынын атап өтті.

Үшінші күн де ерекше болды, форумға қатысушылар – атап айтқанда баспасөз қызметінің өкілдері PR үшін ақпаратты мониторингтеу жүйесінің құралдарымен танысып, жеке брендинг және қоғамдық қатынастардағы дағдарыс менеджменті туралы білді. Күн «Үздік баспасөз хатшысы» сыйлығымен аяқталды.

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы