Меню

Страницы

Статья

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары З. Д. Ахметованың 21.09.2023 жылғы халықаралық конференциядағы «Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша» тақырыбындағы баяндамасы

Қайырлы таң құрметті әріптестер, доктор Скендер Сыла, қонақтар!

Мен сіздерді «Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияда» көргеніме қуаныштымын.

Бұл іс-шара тұмауды, ЖРВИ және COVID-19 емдеу, алдын алу, эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне орайластырылған.

Тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар әлемдегі ең өзекті медициналық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі болып қала береді. Жыл сайын тұмау эпидемиясы планета халқының 15%-на дейін әсер етеді.

Бүкіл әлемде және Қазақстан Республикасында тұмау вирустары мен SARS-CoV-2 айналымына параллель эпидемиологиялық қадағалау жүргізілуде.

Жыл басынан бері республикада КВИ-дің 11 212 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 36,5 есе төмендеді. Соңғы аптада КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда 9%-ға төмендеу байқалды.

Қазіргі уақытта ДДҰ Омикрон штамының бірнеше нұсқаларын, соның ішінде EG.5-ті (Эрис) және ВА2.86-ны (Пиррола) бақылайды. Қазақстан Республикасында Омикронның осы штамдары анықталған жоқ.

Республикада 2023 жылғы тамызда ЖРВИ-дің 359 770 жағдайы тіркелді, оның ішінде 67%-ы (242 182) 14 жастағы балалар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 8%-ға өсуі байқалады.

Алдағы эпидемиологиялық маусымда ДДҰ мәліметтері бойынша А/H1N1, А/H3N2 және В тұмауы вирусының 3 штамының айналымы өзекті.

Тұмау ауруының ауыртпалығын төмендетудің тиімді шараларының бірі халықтың ең осал топтарын вакцинациялау болып табылады.

Алдағы тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық мақсатында:

- ДСМ бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2 млн. 400 мың дозасын сатып алды, бұл республиканың жалпы халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Өндірушісі «ПетроваксФарм ҮЕҰ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы «Гриппол плюс» вакцинасы ағымдағы эпидемиологиялық маусымға өзекті штамдарды қамтиды және ДДҰ болжамдарына бейімделген.

- 2023 жылғы 11 қыркүйекте «2023-2024 жж эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №6 қаулысы қабылданды. Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді.

Елімізде тұмау және тұмауға ұқсас (ЖРВИ) ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың, тұмау вирусының аурушаңдығына, айналымына мониторинг жүргізу және геномдық секвенирлеу нәтижелері бойынша вирустың жаңа штамдарын анықтау түріндегі тиімді жүйесі қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, COVID-19 коронавирустық пандемиясы жаһандық ынтымақтастықтың, бірлескен сенімге, өзара қолдау мен өзара көмекке негізделген әлемдік тәртіптің маңыздылығын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-ның елдік кеңсесімен тығыз қарым-қатынас жасайды және ДДҰ-ның ЖРВИ мен тұмауды эпидқадағалау бойынша стратегияларын қолдайды.

Бүгін конференцияда таяу шетелдегі жетекші ғылыми орталықтар мен университеттердің (Ташкент медицина академиясы, А.А. Смородинцев атындағы Тұмау ғылыми-зерттеу институты, Ресей) және біздің еліміздің (Астана медицина университеті) қызметкерлері озық тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы