Меню

Страницы

Статья

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметіне қатысты

2023 жылдың 1 жартыжылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне 1587 объекті тексерілді, 1266 объектіде бұзушылықтар анықталды (80%).

Тексеру қорытындысы бойынша 322,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде 1107 әкімшілік жаза қолданылды. Бұзушылықтарды жою туралы 840 нұсқама берілді.

739 объекті жоспардан тыс тексерумен қамтылды, оның қорытындысы бойынша 464 бұзушылық анықталды, 213 млн. теңгеден астам сомаға 535 айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы 377 нұсқама берілді.

«Таза парақтан» жаңа реттеушілік саясатты енгізу шеңберінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді, оның шеңберінде жедел ден қою шаралары жөнінде ұсыныстар пакеті енгізілді («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде).

Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының негізінде бақылауды тағайындау және іріктеп алу кезінде адами факторды болдырмауды қамтамасыз ететін бір ақпараттық жүйе базасында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың және бизнестің есептілігінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі әзірленуде.

Бақылау объектілерін анықтау үшін ақпаратты қалыптастырудың және жинаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығымен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізілді.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілді, оның шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу жөніндегі шаралар көзделген.

Дата публикации
28 августа 2023
Дата обновления
28 августа 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы