Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ауруларды бақылау және профилактикасы орталығының (CDC) деректері бойынша қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі өңірлерінде қызылшаның таралу қаупі бар, себебі COVID-19 қызылшаға қарсы вакцинациямен қамтудың және ауруды эпидемиялық бақылаудың төмендеуіне алып келді.

Соңғы жылы әлемнің 150 елінде өлім-жітім жағдайын қоса алғанда, қызылшаның 155,5 мың жағдайы тіркелді.

2023 жылдың басында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі жақын шет елдерде де (Украина, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және т.б.) байқалады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қызылшаға күдіктенудің 62 жағдайы тіркелді, оның ішінде зертханалық расталғаны – 26 жағдай. Бұл ретте, 26 жағдайдың жетеуі (26,9%) басқа елдерден (Түркия – 5, Қырғызстан – 1, Тәжікстан – 1) әкелінген.

Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне және таралуына, өршуінің туындауына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ  ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасында қызылша жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы қаулы шығарылды (https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/documents/details/442411?lang=kk).

Қаулыға сәйкес:

1) қызылшаның әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді және инфекция ошақтарының шекараларын белгілеу, олардың инфекция көзін, қызылшаға қарсы алынған профилактикалық екпелер туралы мәліметтерді белгілей отырып, байланыста болған адамдарды анықтау мақсатында эпидемиологиялық зерттеп-тексеру;

2) қызылшаға зертханалық зерттеу;

3) шетелдік азаматтарды қоса алғанда ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауыратын  науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл вакцинация жүргізу;

4) аурудың соңғы жағдайы анықталған сәтінен бастап 21 тәуліктің ішінде байланыста болған адамдарды күнделікті медициналық бақылау;

5) ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялау жүзеге асырылады.

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы