Меню

Страницы

Статья

7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күні атап өтіледі

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі өмірді сақтайды. Бұл азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар тағамнан туындайтын ауруларды азайтуда маңызды рөл атқарады.

Дүниежүзілік азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күні мыналар үшін маңызды себеп болып табылады:

- азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері туралы халықты ақпараттандыру;

- азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі арқылы аурудың алдын алу жолын көрсету;

- әртүрлі секторларда азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін арттырудың бірлескен тәсілдерін талқылау;

- азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін арттырудың шешімдері мен тәсілдерін ілгерілету.

Осыған байланысты 7 маусымда ФАО мен ДДҰ жоғары деңгейдегі гибридті іс-шара өткізеді, оған қатысушылар азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі стандарттарының өмірді сақтап қалуға қалай ықпал ететінін біледі. Іс-шара биылғы Дүниежүзілік азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күнінің «Азық-түлік стандарттары өмірді сақтайды» деп аталатын тақырыбын кеңейтеді. Іс-шараға тіркелу: https://www.fao.org/fao-who-codexalimentarius/world-food-safety-day/wfsd-homepage/en/

1-14 маусым аралығында республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күніне арналған онкүндік іс-шаралар өткізіледі.

Онкүндіктің қорытындысы 14 маусымда ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қолдауымен мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың (ФАО, ДДҰ, ХЭБ), ғылыми топтардың, өндірушілердің қатысуымен өтетін дөңгелек үстел отырысында талқыланады.

Іс-шараларды өткізуге арналған барлық ақпараттық материалдар: https://www.fao.org/fao-who-codexalimentarius/world-food-safety-day/advocacy-material/en/

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы