Комитеттің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 148-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес 2026 жылы Комитеттегі мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 92,5% болуға тиіс.
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Комитетке келіп түскен құжаттар саны - 6706, оның ішінде 6617-і мемлекеттік тілде, пайыздық көрсеткіш - 98%. Шығыс құжаттарының саны - 1446, оның ішінде мемлекеттік тілде 1425, пайыздық көрсеткіш - 98%. 2026 жылдың І тоқсанында 6-нысаналы индикаторға қол жеткізілді.