ІШКІ КОНКУРС
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) конкурстық комиссиясы отырысының
2026 жылғы 25 ақпандағы қорытынды шешімі
Комитеттің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, А блогы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ұлмекен Сәрсенбайқызы Мелден ұсынылды.
Комитеттің Жоспарлау және жобалау қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, А блогы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Гүлшат Алмасқызы Әлмен ұсынылды.
Комитеттің Бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2026 жылғы 20.07. қоса алғанда), C-4 санаты, А блогы, 1 бірлік уақытша бос және Комитеттің Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, B блогы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысушылардың болмауына байланысты жалпы конкурс жариялансын.